«Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар қортындыланды 3368

«Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар қортындыланды

24 мамыр 2024 1184 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Құран және тәжуид ережелері» бойынша Ақтөбе қаласының имамдары мен ұстаздарының біліктілігін арттыруға арналған 1 апталық семинар өтті. Семинардың қорытынды жиынында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ҚМДБ-ның 2024 жылғы жоспарына сай ұйымдастырылғанын айтып, дін мамандары үшін семинардың маңыздылығына тоқталды. Ал семинарда дәріс оқыған облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық (қарилар орталығының) мекемесінің директоры Бекжан қари Әлденов тәжуид қағидаларының ерекшелігін баяндап, әдіс-тәсілдерді үйретті. Ұстаз ретінде әрдайым Құран тапсырып тұрудың маңыздылығына байланысты кеңес берді. Сонымен қатар Бекжан қари 1 апта бойы әр қатысушының Құран оқуларын тексерді. Одан өзге толыққанды семинарға қатысқандарға облыстың Бас имамы атынан сертификат табысталды. Айта кетсек, семинар алдағы уақытта да жалғасын табады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі