«Нұрлы жолдың— тәж иелері» атты рухани шара ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде «Нұрлы жолдың— тәж иелері» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Шара барысында «Бақытжан» мешітінің ұстаз Назерке Елшібекова 11 шәкіртке Құран әліппесі мен тәжуид қағидалары кітабын аяқтап қасиетті Құранға түскендіктері үшін сертификат табыстап, тәж кигізді.
Рухани іс-шара ең әуелі Алланың кәләмі Құранмен басталып, одан кейін тәж киюші шәкірттердің салауат айтуымен жалғасып тапты.
Сонымен қатар жыршы Әділбек Сарин негізін салған «Ер Едіге» мектебінің шәкірті Қалыбек Әминаның «Әғузу мен Бисмилла» атты жырын орындап, көрермен көзайымына айналды.
Ұйымдастырушы Назерке Елшібекова «Құран оқудың аптықшылығы мен оған лайықты түрде амал ету» туралы баяндады.
Кеш қонағы РАТТ мүшесі, діни сарапшы, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Орысбайқызы «Құран жаттаудың 25 тың әдістерін» айтып, шәкірттердің Қүранға деген ынта ықыласын ашты. Құранға алғашқы қадамдарымен құттықтады.
Ал «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар ұстаз Қойшығұлова шәкірттерге «Жүрегімдегі Құран» хатым парақшасын тапсырып, Құранға түскен шәкірттерге ізгі тілегі мен ықыласын білдірді.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Айзат Қобланқызы Құран оқуда тәжуид ережелерін ұстай отырып, оқыған аятты талдау жайында, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мұстахап Құранға түскен шәкірттерге жылы лебізін білдірді.
Одан өзге шара қортындысында ардақты пайғамбарға (с.ғ.с) cағыныш хаты байқауының қорытындысы жасалмастан бұрын ұстаз Назерке Елшібекова Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) басқа Пайғамбарлар арасындағы дәрежесінің қандай жоғары екендігін айтса, ұстаз, РАТТ мүшесі Ақтолқын Орысбайқызы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты әдептерді айтып, түсіндірді.
Байқау қортындысында 1-ші орынды «Әзіреті Біләл» мешітінің шәкірті Байниязова Назерке, 2-орынды Хамзақызы Гүлфара, ал 3-ші орынды Ақтөбе қалалық орталық мешітінің шәкірті Медетова Мәдина иеленді. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Үздік танылған сағыныш хаттары оқылды.
Рухани шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































