«Адамзаттың ізгісі – Әз Мұхаммед» атты  Мәуліт кеші өтті 3725

«Адамзаттың ізгісі – Әз Мұхаммед» атты Мәуліт кеші өтті

24 қыркүйек 2024 255 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінде «Адамзаттың ізгісі – Әз Мұхаммед» атты әйел жамағатына арналған Мәуліт кеші өтті. 

Рухани кешті мешіттің бас имамы Нұрлыбек Такеев Құран оқып және Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы уағыз айтып, ашып берді.

Ал «Әзіреті Біләл» (р.а) мешітінің ұстазы Жазира Айбекқызы «Пайғамбар (с.ғ.с) артықшылығы» туралы айтып өтті.

Мешіт шәкірттері пайғамбарды (с.ғ.с) және оның отбасын тану мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырып, күй тарту етті.

Аталған шараға ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегул Қошкарова және Қобда ауданық «Шәріп Молда» мешітінің ұстазы Баян Мустахап қатысып, Мәуліт мерекесімен құттықтап, арнайы уағыздарын айтты.

Сонымен қатар жамағат арасында салауат жарысына қатысып, ең үздік атанған қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Шара қортындысында пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйіп жеген жемістерінен қатысушылар дәм татты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі