«Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» атты семинар өтті 2894

«Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» атты семинар өтті

31 тамыз 2023 134 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен қала имамдары мен ұстаздарына арналған «Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» атты семинар өтті. 

Семинарға арнайы Ақтөбе облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы және дыбыс режиссер әрі мобилограф Ербұлан Еркебұланұлы қатысты.

Шарада ізгі қоғам қалыптастыруда, діни сала мамандарының жұмысы баса назарда екендігін айтылып, рухани саланың заман ағымына сай көшпен бірге жаңарып, қарқынды қызмет атқарылуы қажеттігі сөз болды.

Сондай-ақ, ақпарат тарату тұрғысынан барынша жаңашыл құралдарды тиімді қолдану керектігі туралы да талқыланды.

Іс-шара қортындысынан соң барша қатысушыларға дастархан жайылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі