Ақтөбе – Ырғыз – Шалқар тасжолы бойында намазхананың іргетасы қаланды 2893

Ақтөбе – Ырғыз – Шалқар тасжолы бойында намазхананың іргетасы қаланды

30 тамыз 2023 675 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйытқы болуымен Ақтөбе – Ырғыз – Шалқар тасжолы бойында намазхананың іргетасы қаланды. 

Жолаушылардың жол бойынша құлшылықтарын қиындықсыз орындалуына жағдай жасау мақсатында намазхана қолға алынды.

Аталған намазхананың іргетасын облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қалады. Аталған игі шараға Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Шакизада, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев, мешіт жанашырлары т.б қатысты.

«Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір, жол салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру – сауабы үзілмейтін уақып»,-дей келе, сауабы мол игілікке демеушілік танытқан кәсіпкер, мешіт жанашыры Рүстем Нұрбаевқа Серікжан Еншібайұлы алғысын білдіріп, кәсібіне береке тіледі.
Одан өзге осы аталған тоғыз жолдың торабында намазханадан бөлек, шариғат талабына сай асхана, қонақүй салу жоспарлануда.

Айта кетсек, 2024 жылдың шілде айында намазхана ашылады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі