IV Республикалық медресеаралық араб тілі және фиқһ пәндерінен олимпиада басталды 1462

IV Республикалық медресеаралық араб тілі және фиқһ пәндерінен олимпиада басталды

28 наурыз 2022 170 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімі мен Ақтөбе медресе колледжінің ұйымдастыруымен 9 медресе колледждің арасында IV республикалық медресеаралық араб тілі және фиқһ пәндерінен Ақтөбе қаласында олимпиада басталды. Олимпиадаға әр медреседен 2-3 курс студенттері қатысуда. 

Осымен төртінші рет өтіп жатқан республикалық білім сайысының ашылу рәсіміне облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұы, ҚМДБ –ның «Діни білім және кадр дайындау» бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев пен «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің маманы Кожин Жаңабай, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы қатысты.

Олимпиаданың ашылуы қасиетті Құран Кәрім оқумен басталып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұы сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар ҚМДБ-ның «Діни білім және кадр дайындау» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев пен «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің маманы Жаңабай Кожин олимпиаданың мақсаты мен ережелерін түсіндірді. Олимпиада екі күнге жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі