Шаңғы тебуден жарыс өтті 5951

Шаңғы тебуден жарыс өтті

17 ақпан 2026 26 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында 4 бағыттың бірі — «Дәстүр және отбасы» бойынша шаңғы тебуден жарыс өтті.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты арасындағы бірлікті нығайту.

Жарысқа аудан тұрғындары мен мешіт жамағаты белсенді қатысып, барлығы 16 үміткер бақ сынасты. Қатысушылар қысқы спорт түрінен өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты додада көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Жарыстың қорытындысы бойынша Тұрлан Рамазанов ең үздік ретінде танылып, І орын иегері атанды. Ал Мадияр Райып ІІ орынмен, ІІІ орынмен Абзал Смағұлов марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі