Облыстық мешіт балаларға мерекелік қуаныш сыйлады 3385

Облыстық мешіт балаларға мерекелік қуаныш сыйлады

01 маусым 2024 190 Оқу 1 минут

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мерекелік іс-шаралар өткізіп, балаларды қуандырды. 

Аталған іс-шараларға балдырғандар мен оқушылар келіп, көңіл көтерді. Әртүрлі бағдарламалық ойын-сауықтар өткізіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. 

Эстафеталық ойындар, викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. 

Мерекелік шараға келген балалар мен ата-аналарға балмұздақтар мен тәттілер таратылды. Бүлдіршіндер Лимузин көліктеріне отырғызылып, қаламыздың көрікті жерлеріне саяхат жасалды.

 Балаларының көтеріңкі көңіл күйіне разы болған ата-аналар ұйымдастырушы мешіт қызметкерлеріне ерекше алғыстарын айтты.