«Имани жаз» жазғы сауат ашу курстары басталды 1749

«Имани жаз» жазғы сауат ашу курстары басталды

02 маусым 2022 132 Оқу 1 минут

Мектептердегі оқу жылы да аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Алайда кейбір балалар жазғы маусымдағы уақыттарын пайдасыз нәрсемен шұғылданып босқа өткізіп жатады.

Осы орайда әр жаз маусымында ҚМДБ-ның Республика бойынша өкілдіктері «Имани жаз» атты жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастырып отырады.

Жылдағы үрдіске сай биыл да Ақтөбе мешіттері оқушыларға арналған тәрбиелі де өнегелі дәрістерге толы «Имани жаз» атты рухани сауат ашу курстарын бастап кетті.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған дәрістер қалалық және аудандық мешіттерде жалғасын тапты.

Мешіт жандарынан ұйымдастырылып отырған курстарда балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастархан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ шәкірттерге таңғы, түскі, түстен кейін астар беріліп, әртүрлі ойындар арқылы бауырмашылдық пен таным шеңберін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды тәрбиесіне көңіл бөліп, ата-бабамыз ұстанған ислам дінінің қайнар көздерінен сусындауға перзенттеріңізді бізге табыстауға шақырамыз.

 

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» 

мешітінің баспасөз қызметі