Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітіне наиб имам тағайындалды 797

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітіне наиб имам тағайындалды

06 қыркүйек 2021 95 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешітінің наиб имамы болып Мұхамедислам Шадман тағайындалды.

Ол – бұған дейін Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы "Үшқоңыр" медресе колледжінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері.

Мұхамедисмаил Мұхамедибрахимұлы — Түркия республикасы Хасеки имамдардың білімін жетілдіру академиясының түлегі.

Жаңадан тағайындалған наиб имамды жұма намазға жиналған жамағатқа Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі