Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жөндеу жұмыстары басталды 1750

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жөндеу жұмыстары басталды

02 маусым 2022 136 Оқу 0 минут

Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ішкі жағы мен бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе ескіре бастаған төбе жарының жақтауларына, мешіттің басқа да бөліктері жөнделуде.

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлының айтуынша «Мешіттің ішкі жүйесі, терезе жақтаулары, есіктер ескіріп, қыста суық болып, жамағатқа қолайсыздық туғызып келген болатын. Осы келеңсіздіктерді жою мақсатында мешітте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс сапасы жіті бақылануда» деп атап өтті.