#Рамазан2026: Темірде «Арақсыз Рамазан» акциясы өтті 6029

#Рамазан2026: Темірде «Арақсыз Рамазан» акциясы өтті

05 наурыз 2026 21 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің Рамазан айындағы үндеуіне сәйкес, «Ислам және адал қоғам» жылына орай қасиетті айда Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин ұйымдастыруыменен «Арақсыз Рамазан» акциясы өтті. 

Ондық алқа мүшелері мен жамағат аудандағы азық-түлік дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара нәтижесінде ішімдік сататын 8 дүкенде сөрелерінен алынып сатылмайтын болды.

Ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттары алғыстарын айтып, баталарын берді. Ауыл тұрғындарының алдағы уақытта дүкендерде ащы су мүлде сатылмаса екен деген ізгі тілегі бар

Бұл шараның басты мақсаты – қоғамда ізгілік пен рухани тазалықты нығайту, қасиетті айдың қадір-қасиетін арттыру.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі