Облыстың Бас имамы «Қайырқожа» мешітінде насихат айтты
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы іс сапармен Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітіне барды.
Іс сапар барысында «Жан мен тәннің рухани тазалығы» тақырыбында насихат айтты.
«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл істі ерекше бір тепе-теңдікпен атқарған, ол бір жағынан жеке адамның ішкі жан-дүниесіне әсер етіп, екінші жағынан бүкіл қоғамды жақсылыққа бастады. Оның тәрбиесі тек сөз жүзінде емес, нақты әрекетпен, үлгі арқылы жүзеге асты. Сол себепті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұсынған рухани тазару жолы барлық заманға жарамды, әмбебап рухани мектепке айналды» деді Амантай Садиев.
Сонымен қатар мешіттің хәл-ахуалы және қызметтік үйдің құрылысымен танысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































