Ақтөбе: Облыстық мешітте айт мерекесі тойланды
Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық мереке Ораза айтта ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ораза айт намазын оқылды. Таңмен таласа құлшылыққа асыққан халықтың үлкені мен кішісі қатар тұрып сап түзеп, имамға ұйып, дұға-тілектерін айтты. ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ұлттық нақыштағы іс-шаралар ұйымдастырылып, ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Облыстың бас имамы Амантай Садиев қасиетті күннің маңыздылығы туралы уағыз-насихаттар айтылды. Айттық дастарханы жайылып, қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар ақсақалдарға, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетіліп облыстық мешіт асханасынан мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Ақсақалдар ел мен жер үшін дұға тілеп, Алладан бір ай ұстаған оразаның қабыл етілуін тіледі. Ұлттық ойындар, қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс секілді сайыстар өткізіліп, үздіктер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Отбасылық мереке саналатын мерекенің бірі – ораза айт қарсаңында балаларға да арнайы салтанатты мерекелік шара жасалып, айттық үлестірілді. Кешірім мен шүкір тоғысқан күн ел болашағы бүгінгі бүлдіршіндердің жадында дін мен дәстүр сабақтасқан мереке ретінде сақталып, имамдар мен ұстаздардың ұлттық нақышта ұйымдастырған Ораза айт мерекесі әр қатысушының ризашылығы және ақ батасымен қортындыланды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі