#Оразаайт2026: «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды 6112

#Оразаайт2026: «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды

20 наурыз 2026 17 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ораза айт мерекесіне орай Шалқар ауданында «Жастар ісі» секторы және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мешіт имамдары мен ерікті жамағат мүшелері тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салды. Бұл бастама Ораза айт мерекесінде халыққа қолдау көрсетіп, қоғамдағы жанашырлық пен қамқорлық құндылықтарын арттыру мақсатында жүзеге асты.

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков акцияның негізгі мақсаты – ел арасындағы бауырмалдықты нығайтып, береке-бірлікті күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ көлігі бар азаматтарды мүмкіндігіне қарай сауапты іске үлес қосуға шақырды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан еріктілер мұндай игі бастаманың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтып, алдағы уақытта да белсенді атсалысуға дайын екендерін жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі