Сауат ашу курсына шақырамыз! 869

Сауат ашу курсына шақырамыз!

23 қыркүйек 2021 108 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Сауат ашу курсының 2021-2022 жылдарға арналған жаңа оқу маусымы басталады. 

Сауат ашу курсына асыр намазы мен ақшам намазынан кейін 11 жастан жоғары балалар және ересектер (ерлер) қабылданады.

Курс аясында білім алушыларға дүйсенбі-жұма күндері Құран әліппесі, хадис, фиқһ, ақида, сира, тәпсір пәндерінен сабақ беріледі.

Дәріске тіркелу үшін мешітке келуге, қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі болуы, жасөспірім балалар үшін ата-анасының өтініші міндетті.

Қосымша ақпаратты +7 707 109 03 95 нөмеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.

Ақтөбе облыстық орталық

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі