Ғибрат: «Кешірім – бақыт баспалдағы» тақырыбында сұхбат өтті 853

Ғибрат: «Кешірім – бақыт баспалдағы» тақырыбында сұхбат өтті

17 қыркүйек 2021 141 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің «Ғибрат» жобасы аясында «Кешірім – бақыт баспалдағы» тақырыбында «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбековпен онлайн сұхбат өтті. 

Тікелей эфир барысында ағайынның арасындағы алауыздықтан кешіре алмай жүрген адамдарға ақыл-кеңестер айтылып, адам өмірінде, исламда кешірімнің орны мен маңыздылығы туралы тоқталды.

Онлайн сұхбатты 200-ден аса көрермен тамашалады.

Эфирді тізгіндеген Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов.

Кешірімділік – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі деген түйінмен сұхбат қортындыланды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі