Наиб имам Жұбанов университетінде 855

Наиб имам Жұбанов университетінде

18 қыркүйек 2021 96 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде экономика және құқық факультетінің 1 курс студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру мақсатындағы ұйымдастырылған шараға қатысты. 

Шара барысында  наиб имам жат ағымнан сақтанудың әдіс-тәсілдерін атап өтті.
Сонымен қатар Мұхаммедисмаил Шадман студенттерге салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан ата-бабамыз ұстанған ислам дінінің қайнаркөздерімен танысып, теріс ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға жол сілтеді.
Шара соңында имам діни ақпараттарды тек сенімді орындардан алуға шақырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі