«Нұр Ғасыр» мешітінде дәрістер басталды 850

«Нұр Ғасыр» мешітінде дәрістер басталды

16 қыркүйек 2021 137 Оқу 1 минут

Бүгіннен бастап ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешінде ақшам намазынан кейін насихат дәрістері басталды. 

Алғашқы болып, облыстың Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы ғұлама ғалым Имам Сабунидің "Софуату әт-тәфәсир" атты еңбегінен тәпсір дәрістерін бастап, Құран аяттарының астарлы мағынасын жамағатқа баяндады.

Әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында жамағатқа хадис, ақида, фиқһ пәндерінен жүйелі дәрістер өткізу жолға қойылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі