«Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы ұйымдастырылды 5023

«Білімді мыңды жығады» атты білім сайысы ұйымдастырылды

20 November 2025 103 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ислам тарихына арналған «Білімді мыңды жығады» атты интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды. 

Шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында діни білімді насихаттау, жас ұрпақты тарихымызды тереңірек тануға ынталандыру және мешіт жанындағы жастардың белсенділігін арттыру болды.

Байқауға алдын ала іріктеуден өткен 13 қатысушы қатысып, Ислам тарихына байланысты түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар өзара білімдерімен сынға түсіп, жылдамдық, ой дәлдігі мен тақырыпты терең меңгергендігін көрсетті.

Сайыс нәтижесінде озық шыққан жеңімпаздарға мешіт тарапынан құнды діни кітаптар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Шара қорытындысында мешіттің наиб имамы Қанат Қасымов қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде білімнің мұсылман өміріндегі маңызын атап өтіп, жамағатты үнемі ізденіп, ілім жолында талмай еңбектенуге шақырды. Сонымен қатар осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі