Хромтауда азан жарысы өтті 1286

Хромтауда азан жарысы өтті

07 ақпан 2022 220 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Әдемі әуезді азан» жарысы ұйымдастырылды.

Іс-шараны өткізудің мақсаты туралы Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов: «Азан үні хикметке толы исламның бір кереметі саналады. Азан тыңдаған адам бар мұңын ұмытып, жан дүниесі рахат күй кешеді. Біз бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – шәкірттердің азан айту шеберлігін шыңдау, азанға деген махаббатын арттыру»,-деп атап өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мешіттің ақсақалы Нәдірхан Бейсембекұлы ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа аудандық және ауылдық мешіттердің шәкірттері қатысып, азан айту шеберліктерін көрсете білді.

Әйтеке би ауданының Бас имамы Ғабидолла Тілесұлы, Қарғалы ауданы, Желтау ауылдық мешітінің имамы Айбек Бейсембайұлы және Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұстазы Досхан қажы Әлімханұлы әділқазы құрамында болды.

Жарыс қортындысы бойынша ең үздігі ретінде Тлеген Талғатұлы саналып, бас жүлде иегері атанды. Ал І орынмен Арман Абдумажит, ІІ орынмен Қайсар Серікұлы, ІІІ орынмен Айбек Серікбаев марапатталды. Оданда өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі