Хромтау: Жас спортшылармен кездесу өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бағдарлық баяндамасы негізінде Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы жас спортшылармен кездесті.
«Исламдағы жастардың орны» атты акция аясында Ерік Қонақбайұлы «ФОК» спроттық кешенде жаттығып, шынығатын жас спортшылармен кездесу өткізді. Ертеңгі ел намысын қорғайтын жас спортшылармен тілдесіп, дін мен дәстүр, ілім-білімнің маңызыдылығы турасында әңгіме өрбітті.
Ауданның бас имамы салауатты өмір салтын ұстанған жігерлі жастарға діни ілім-ғылым жайында айта келе, жат ағымдардың айдауына еріп кетпеуге шақырды. Ислам дінінің асыл қасиеттерін сипаттап, дін мен дәстүрімізде жоқ теріс пиғылды ағымдардан сақ болу керек деді.
Сонымен қатар жастардың қызығушылын тудырған сауалдарына жауап беріп, жас спортшыларға алдағы уақытта ел намысын асқақататар азамат болып, биіктерден көріне беріңдер деп ақжарқын тілегін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі