1 Сафар
18:43 Екінті
«ИМАНИ ЖАЗ — 2025» жазғы сауат ашу курстары салтанатты түрде ашылды (ФОТО) 4599

«ИМАНИ ЖАЗ — 2025» жазғы сауат ашу курстары салтанатты түрде ашылды (ФОТО)

16 маусым 2025 111 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен «ИМАНИ ЖАЗ — 2025» жазғы сауат ашу курстары салтанатты түрде ашылды.

Айта кетсек, жылдағы үрдіске сай биыл да Ақтөбе мешіттері оқушыларға арналған тәрбиелі де өнегелі дәрістерге толы «Имани жаз» атты рухани сауат ашу курстарын бастады.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған дәрістер қалалық және аудандық мешіттерде жалғасын тапты.

Мешіт жандарынан ұйымдастырылып отырған курстарда балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастархан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену т.б дәрістер өткізіледі.

Сондай-ақ шәкірттерге әртүрлі ойындар арқылы бауырмашылдық пен таным шеңберін кеңейту жұмыстары жүргізіледі.

Одан өзге мешіт ұстаздары балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дәріс кестелерімен таныстырды. Ұл балаларға мешіт ұстаздары, ал қыздарға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары мен іс-тәжірибеден өтуші студенттері білім береді.

Рухани азық болар сабақтар мен ойын-сауық уақыттары да қарастырылған.

Салтанатты шара қортындысында мешіт ақсақалдары мен әжелері пайдалы ілім алуларына дұға жасады. Шәкірттерге балмұздықтар таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі