ХРОМТАУ: СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ШАШКА МЕН ШАХМАТТАН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
«Нұр» мешітінің сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттері мен аудан ардагерлері арасында спорттың шахмат және дойбы түрлерінен сайыс болып өтті.
«Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлының жетекшілігімен өткен жарыста шәкірттер өзара бақ сынасып, бар біліктілігі мен зейіндерін ортаға салды.
Шахматтан орын алғандар
1 орын Құлмурзин Айтуған
2 орын Биржанов Қуаныш
3 орын Баймешов Айжан
Дойбыдан орын алғандар
1 орын Баймешов Айжан
2 орын Жанабергенов Тойбазар
3 орын Бирданов Қуаныш
Айта кетсек, сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттерге Құран, әдеп дәрістерінен бөлек дін мен дәстүр бағыты бойынша түрлі сабақтар өткізіліп, әртүрлі спорттық сайыстар мен көңіл сергітер бағдарламалар ұйымдастырылып келеді.