Хромтау: Жамағат арасында хадис жарысы өтті 2701

Хромтау: Жамағат арасында хадис жарысы өтті

25 мамыр 2023 318 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық, «Нұр» мешітінде жамағат арасында алғашқы рет Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерін жаттау бойынша жарыс өтті. Жарысқа қатысушы шәкірттердің әрқайсысы қаржылай марапатталды. Бірінші орын иеленген Тұржанов Алматқа 20 мың теңге табысталды. Екінші орын иегері Дұйсенғалинев Бекболатқа 15 мың теңге, үшінші орын иегері Абдурахман Али 10 мың теңге қаражатпен марапатталды. Және барша қатсыушы жандарға ынталандыру алғыс хатымен марапатталды. Ақтөбе облысы “Нұр-Ғасы” мешітінің наиб имамы Шадман Мұхаммедисмаилжәне Хромтау аудан дін орталығының басшысы Әлімханұлы Досхан қазылық етті. Мешіт имамдары хадис жаттау сайысына қатысушы жамағатқа хадистің мазмұны білу мен көбірек жаттап қана қоймай, оған амал жасаудың маңыздылығына назар аудару керек екенін ескеріп өтті. Шара соныңда барша жамағатқа дастархан жайылды “Нұр-Ғасыр” мешітінің наиб имамы Шадман Мұхаммедисмаил “Бірлігі жарасқан жамағат” атты тақырыпта уағыз айтты. Өз кезегінде “ Нұр” мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлы хадис жарысына қатысқан жандарды марапаттады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі