Облыстың Бас имамы жас қарилармен жүздесті 1090

Облыстың Бас имамы жас қарилармен жүздесті

12 қараша 2021 782 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденовтың ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Бас имам бір жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қарилар орталығының хәл-ахуалымен танысты. Сонымен қатар жас қариларға Құран жаттаушының дәрежесі туралы дәріс оқыды. Ал шәкірттер бүгінгі дейін оқыған білімдері аясында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әлиге сынақ тапсыру барысында оң бағасын алып, Бас имамның батасын алды.

Еске салсақ, биыл Түркістан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ ұйымдастыруымен Х республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен байқауда Ақтөбе өкілдігінен 10 пара бойынша байқауға қатысқан осы аталған қарилар орталығының шәкірті Нұргелді Мұздақбай.

Бүгінге дейін орталықтың шәкірттері Құраннан 12 параға дейін жатқа біледі. Алдағы Рамазанда алғыр 2 шәкірт онлайн хатым мен тарауық намазына дайындық үстінде.

Одан өзге «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығының) сыртқы жұмыстарына да шолу жасалды.

Кездесу қортындысында Серікжан Еншібайұлына жас қарилардың ілімде зейіндерін ашылуын тілеп, болашақта Ақтөбе қарилар қаласына айналады деген сенімін білдірді.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі