Ембі: Футболдан қайырымдылық турнир өтті 1305

Ембі: Футболдан қайырымдылық турнир өтті

20 ақпан 2022 129 Оқу 1 минут

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Нұр» мешітінің ұйымдастырумен жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру мақсатында «Samruk kazyna trust» және «Дюшса» спорт мектебінде дәстүрлі түрдеа удандық қайырымдылық футбол турнирі өтті.

Оған Шалкар, Ырғыз, Әйтеке би, Ойыл т.б аудандардан 16 топ келіп, 160 адам қатысты.

Жарыс қортындысында үздік нәтиже бойынша І орынды Шалқардың Қауылжыр ауылынан келген Соленная командасы, ІІ орынды Ембі қаласының  БЖСМ спорт мектебі, ІІІ орынды Ырғыз тобы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы тапсырыспен жасалған кубок және медаль мен сертификаттар табысталды. 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі