БАС МҮФТИ БАС ХАТШЫМЕН ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕСТІ 1669

БАС МҮФТИ БАС ХАТШЫМЕН ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕСТІ

05 мамыр 2022 105 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасы» аясында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.

Бағдат Әміреев Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, ҚМДБ қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы Түркі мемлекеттері ұйымының бауырластық байланысты арттыруға қосқан үлесін атап өтті.

«Сіз Түркістанда өтіп жатқан «Мүфтилер алқасының» жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлкен үлес қосып отырсыз. Мұсылман мемлекеттерінде елші болған сәттеріңізде елімізден көптеген мешіттердің ашылуына ықпал еттіңіз. Бүгінгі таңда Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығына көп еңбек сіңіріп келесіз. Біздің бастамамызға да қолдау білдіргеніңізге ризашылық ниетімді жеткіземін» деді Бас мүфти.

Еске сала кетсек, 6 мамырда ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркістанда түркі мемлекеттерінің «Мүфтилер алқасының» отырысы өтеді.