Хромтау: Өрт сөндіру мекемесінде кездесу өтті 2472

Хромтау: Өрт сөндіру мекемесінде кездесу өтті

10 ақпан 2023 138 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – «Жат діни ағымдардан сақтандыру» туралы аудандық өрт сөндіру бөлімінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында «Жат ағымдардан сақтану бағытында жеке діни сауаттылықтың болғаны маңызды. Себебі, жалған діни ақпарат алу арқылы жат ағымдардың жетегінде кететіндер көп.

Дәстүрлі Ислам – бабаларымыздан мұра болған салт-дәстүрімізбен үйлесім тапқан, тәрбиелік құндылығы жоғары дін. Исламда әсіресе, адамының ішкі рухани тәрбиесі немесе ихсанның орны ерекше. Рухани тәрбие қоғамда толыққанды тұлға болып қалыптасуға жол ашады»-деді ауданның Бас имамы.

Одан өзге Ерік Қонақбайұлы негізгі білімнің рухани бағыты жайлы яғни деструктивті діни ағымның ықпалына түспеуге, сондай-ақ бүгінгі күнде интернет желісінде әртүрлі діни және жат ағым бағыттағы ақпараттармен бөлісуге болмайтындығы туралы ескертіп өтті.

Кездесу қортындысында қатысушылар имамға өздерін мазалаған діни сауалын қойып, тұщымды жауап алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі