Наиб мүфти Ақтөбеде 3149

Наиб мүфти Ақтөбеде

21 желтоқсан 2023 3066 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен 2023 жылғы РАНТ мүшелерінің жоспарына сай ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Ершат Ағыбайұлы Ақтөбе облысына арнайы іс сапармен келді. Аталған сапар барысында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде студенттермен кездесті.


«Ақтөбе тарихы терең киелі мекен. Діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері Досжан Ишан Қашақұлы, ақын Ақтан Керейұлы, кіші жүздің төбе биі Әйтеке, дәулескер күйші Қазанғап, мемлекет қайраткерлері Ұ.Құлымбетов пен Т.Жүргенов, батыр қыз Әлия Молдығұлова, Жұбановтар әулетінен шыққан Құдайберген, Ахмет, Ғазиза, ақын-жазушылар Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаев, кезінде «кіші Жазушылар одағы» атанған Байғанин ауданынан шыққан ақындар Сағи Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев, Бәкір Тәжібаев, Сәбит Баймолдиндер дүниеге келген жер», -дей келе Ақтан Керейұлының «НЕ ЖАМАН» өлеңіндегі «Біріншіден не жаман? Білімсіз болған ұл жаман. Екіншіден не жаман? Анасының тілін алмаған, Қасарысқан қыз жаман» атты өлеңін оқи келе наиб мүфти имандылыққа тәрбиелеп, жастардың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру – білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар биыл ҚМДБ бекіткен жыл – «Ислам және ізгі қоғам» жылы екеніндігін айта келе, «Ізгілік – отбасыдан басталады. Ислам ата-анаға құрмет көрсетуді ізгілік деп санайды,-деп маңыздылығын баяндады.

Шара қортындысында студенттер тарапынан өздерін толғандырған өзекті сауалдарын жолдап, РАНТ мүшесінен толыққанды тұщымды жауап алды.

Ершат Ағыбайұлының сапары облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде құптан намазының алдында жамағатпен жүздесумен жалғасын тапты.

Наиб мүфти жамағатқа діннің үш негізі бар: иман – адамның сенімі. Ислам – Алла Тағаланың бұйырғанына бойұсынып, тыйғанынан тыйылу. Ихсан – барлық істе шынайылық таныту туралы насихат айтты.

«Отанды сүю – иманнан», – деген қанатты сөз бар. Отанға деген ыстық сезім, ықылас – жалпы адамзаттық адамгершілік қасиет, адамдар арасында қалыптасқан табиғи сипат. Отаншылдық, патриотизм – асыл дініміздің ұстанымымен тығыз ұштасып жатқан ұғымдар», - дей келе білім алудың дамаңыздылығына тоқталды. Мұсылман жан-жақты білім иесі болып, өркениетен қалмауы керектігінде атап өтті.

Айта кетсек, ҚМДБ Төрағасының орынбасары іс сапары аясында «Мұнара» телеарнасының Ақтөбедегі студиясында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында журналист Ақтолқын Тажиковаға шетелде діни білім алу мәселесі туралы сүбелі сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі