Хромтау: «Ажырасу - Алла сүймейтін іс» атты  дөңгелек үстел өтті 2795

Хромтау: «Ажырасу - Алла сүймейтін іс» атты дөңгелек үстел өтті

11 наурыз 2024 245 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Ажырасу - Алла сүймейтін іс» атты дөңгелек үстел өтіп, оған аудандық ақсақалдар мүшелері қатысты.

Аталған шара апталық Құран Хатым дұғасымен басталды.

Ақсақалдары өмір жолындағы отбасы жайлы оқиғаларды жастарға Сонымен қатар мектептерде қыз балаларға арналған арнайы тәрбие сынып сағаттары өткізілу туралы айта келе, қазіргі таңдағы көптеген жастардың ажырасу себебі – олардың ата аналарының өздеріне тәрбие беру тұрғысынан білім мен тәжірибе жетіспейтіндігі жайлы сөз қозғады.

Одан өзге отбасындағы көптеген кекілжіңнен сақтану үшін парасаттылық танытып,бір бірімен сабырға келе отырып, диалог құруы керектігін айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі