«Rokos» шұжық цехы тексеріліп, Qmdb Halal куәлігі жаңартылды 5950

«Rokos» шұжық цехы тексеріліп, Qmdb Halal куәлігі жаңартылды

17 ақпан 2026 28 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында орналасқан «ROKOS» шұжық цехында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Тексерісті технолог ҚМДБ «Халал Даму» орталыгығың Бас маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және өңірдегі жауапты өкілі Алмат Әли жүргізді.

Аудит барысында өндіріс үдерістері, шикізатты қабылдау және сақтау талаптары, өнім дайындау кезеңдері ҚМДБ-ның «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты қаралды.

Қорытынды нәтижеге сәйкес, кәсіпорын халал талаптарын толық сақтайтыны анықталып, «QMDB Halal» куәлігі қайта табысталды.

Аталған куәлік кәсіпорын өнімдерінің шариғат талаптарына сай өндірілетінін растайды. Алдағы уақытта да бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі