Мешіттің жанашыр ақжаулықты қарттарына іс-шара өтті 6687

Мешіттің жанашыр ақжаулықты қарттарына іс-шара өтті

01 қазан 2026 26 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» - ның  ұйымдастыруымен 1 Қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мешіттің жанашыр ақжаулықты қарттарына іс-шара өтті.

Игі шара аясында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Арай Бейсенғалиева, психолог маман Алия Айтжанова ақжаулықты әжелеремізді мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. 

Мерекелік іс-шарада қарттарымызға Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбековтың құттықтау алғыс хаттары мен сыйлықтар тарту етілді. Күтпеген жерден құттықтауға ие болған қазыналы қарттарымыз алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.