ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ “НҰР” МЕШІТІНДЕ "ИМАНИ ЖАЗ" БАСТАЛДЫ 3404

ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ “НҰР” МЕШІТІНДЕ "ИМАНИ ЖАЗ" БАСТАЛДЫ

11 маусым 2024 206 Оқу 1 минут

“Нұр” мешітінде "Имани жаз" курсы өз жұмысын бастады.


 Бас имам Ерік Қонақбайұлы аудандық "Нұр" мешітіне келген балалар мен ата-аналарды қарсы алып, курстың басталуымен құттықтады. 


Биылғы  ерекшелік - республика бойынша барлық мешітте сабақтар  “Имандылық әліппесі” кітабы негізінде жүргізілетін болады. Мешіт ұстаздары қатысушыларға "Тазалық", "Әдеп", "Құран әләпбиі" бойынша сабақ өтіп, таңдаулы дұғаларды жаттатады.


Айта кетейік,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, аталмыш жобаның мақсаты - мектеп жасындағы балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуді ұйымдастыру.