«Бақытжан»: 25 отбасыға қуаныш сыйлады
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қолдан-қолға» қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе қаласында «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен Жаңақоныс ауылындағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға зекет таратылды.
Сауабы мол ізгі шарада аталған мешітке келіп өтініш білдірген 25 отбасыға 40 мың теңгеден жалпы сомасы 1 миллион теңге қаражат табысталды.
Игі шараға атсалысқан әр жанға Алла разы болсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































