Хромтауда мекеме басшылары 140 адамға ауызашар берді 1547

Хромтауда мекеме басшылары 140 адамға ауызашар берді

16 сәуір 2022 244 Оқу 1 минут

Хромтау қаласындағы «Қазақстан» мейрамханасында «Али Жас и К» және «МЖК Строй сервис» мекемелері басшылығының ұйымдастыруымен 140 адамға ауызашар берілді. 

Мекеме басшылығының шақыртуымен ауызашарға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли қатысып, облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының сәлемін жеткізіп, Рамазан айының жақсылығы және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қарым-қатынасы тақырыбында жиналғандарға насихат айтты. Сонымен қатар, осы мекемелердің облыс, аудан көлеміндегі қайырымдылық шараларына және аудандық мешіттің жанындағы салынып жатқан асхана құрылысына белсенділік танытып, әрдайым жасайтын көмектері үшін алғыс айтты.

Игі шара барысында аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Қонақбайұлы мен Түркиядан келген Дуран қари Рыдван жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтады.

Одан өзге ұйымдастырушылар арнайы шақыртуымызды қабыл алып келген облыстың наиб имамы Алмат Әлиге ризашылығын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі