Имамдарға ҚМДБ құжаттары таныстырылды
Ақтөбеде облысы имамдарының жиыны өтті. Облыстық мешіттің наиб имамы Талғат Аманов дін мамандарына ҚМДБ бекіткен құжаттарды таныстырылды.
Құжаттардың маңызын түсіндіріп, әр қайсысына жеке-жеке тоқталып, мазмұнын ашып өтті. Шара имамдарға таныстырылған құжаттар төмендегідей.
І Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы
- Имамның тұлғалық келбеті
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы
- Мұсылманның тұлғалық бейнесі
ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы
- Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі
- Діни лауазымдар тізілімі
«Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:
- Ас беру мәдениеті
- Зират және зиярат мәдениеті
- «Зияткер имам» тұжырымдамасы
V республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі»,
Қажының рухани келбеті тұғырнамасы
«Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі»
«Қарилардың рухани келбеті»
Наиб имам жиын соңында «ҚМДБ құжаттары — біздің идеологиялық рухани бағытымыздың негізі. Оларды халыққа дұрыс жеткізу — әрбір дін қызметкерінің міндеті», — деп атап өтті.






































