Шалқар: «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты шығарма байқауы өтті 3144

Шалқар: «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты шығарма байқауы өтті

16 желтоқсан 2023 2546 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылының имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты шығарма байқауы өтті.

Аталған байқау Бегімбет ауылдық «Б.Сүлейменов атындағы» ЖОББМ -де ұйымдастырылып, 8-10 сынып шәкірттерінің арасынан 12 оқушы қатысты.

Бір айға созылған шығарма байқауының қортындысын «Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезов және зейнеткер ұстаз Салима Ермекбайқызы төрелік етіп, үздіктерді анықтады.

Нәтижесінде І орынды Жанерке Асқарова алса, ІІ орын Қойбағарова Перизатқа бұйырды. Ал ІІІ орынға Қожонова Еркеназ шығармасы лайықты деп танылды.

Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушы шәкірттер арнайы алғыс хаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі