ҚМДБ: Жастар секторының бастамасымен мерекелік іс-шара өтті 5395

ҚМДБ: Жастар секторының бастамасымен мерекелік іс-шара өтті

31 мамыр 2025 1 Оқу 1 минут

1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторының бастамасымен және Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «№3 арнайы мектепте» мерекелік шара өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы, Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Рахымжан Жолдас, мектеп директоры Гүлдана Тоқтарқызы және ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Бағыжан Ерболатұлы балаларды мерекемен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.

Шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, балаларға тегін шаштараз қызметі көрсетіліп, сыйлықтар таратылды.