"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді . 3377

"Бақытжан" мешіті әйел жамағаты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді .

31 мамыр 2024 411 Оқу 1 минут


Биылғы жыл халқымызға оңай түспегені рас. Көктемгі су тасқынан кейін еліміздің біраз өңірлерін су басып, халықтың жиған-тергені суға кетіп, кейбірінің үй жайы тіптен жарамсыз да болып қалды.

Осындай қиын-қыстау кезеңде Президентіміз Қасымжомарт Тоқаев барша халықты ауызбіршілікке, бауырмалдықпен "бір жағадан бас, бір жеңнен қол" шығарып бірге болуға шақырды.

Ел басшысының жолдауына құлақ асқан "Бақытжан" мешіті жамағаты судан зардап шеккен халыққа қол ұшын беру мақсатында "Қайырымдвлық" жәрмеңкесін жасады. Сүт, ет,ұн өнімдерінен түскен қомақты қаражат ҚМДБ-ға қарасты әйел-қвздар секторына аударылды. 

Ел аман, жұрт тыныш болсын ! Ниеттеріміз асыл, амалдарымыз қабыл болсын !