Ақтөбеде V Республикалық азаншылар жарысына іріктеу сайысы өтті 1741

Ақтөбеде V Республикалық азаншылар жарысына іріктеу сайысы өтті

24 мамыр 2022 151 Оқу 1 минут

Үстіміздегі жылдың маусым айында ҚМДБ-ның Алматы өкілдігі бойынша ұйымдастыруымен «Әдемі әуезді азаншы» атты V Республикалық азаншылар жарысы өткізіледі деп жоспарлануда.

Осыған орай, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігіне қарасыты діни қызметкерлердің қатысуымен облыс көлемінде V Республикалық азаншылар жарысына іріктеу сайысы өткізілді.

Аудан, қала имамдары мен азаншыларынан құрылған додалы сайыста Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Мұхаммедисмаил Шадман және Бекжан қари Әлденов төрелік етті. Байқау шарттары бойынша азаншының мақамы, тәжуиді және махражына мән берілді.

Бірнеше қатысушы арасынан суырылып шығып, үздік азаншы ретінде өзін көрсеткен Байғанин ауданы, Жарлы ауылдық мешітінің имамы Әкім Таңжарбайға төрешілер V Республикалық азаншылар жарысына жолдама табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі