«Нәпсіңді тізгінде» атты Рамазанға дайындық шарасы өтті 5854

«Нәпсіңді тізгінде» атты Рамазанға дайындық шарасы өтті

26 қаңтар 2026 51 Оқу 1 минут

Мұғалжар аудандық “ Нұртай” мешіті әйел қыздар секторының ұйымдастырумен әйелдер жамағаты арасында ұйымдастырылған «Нәпсіңді тізгінде» атты Рамазанға дайындық рухани марафоны өз мәресіне жетіп, тағылымға толы қорытынды іс-шарасымен түйінделді. Аталған марафон — нәпсіні тәрбиелеу, рухани тәртіпке келу, имани жауапкершілікті арттыруды мақсат еткен маңызды бастама болды.

Марафонға жамағаттан 50 ден астам әйелдер қатысып, олар үш топқа бөлінді. Әрбір топқа шәкірттеріміздің арасынан арнайы кураторлар бекітіліп, қатысушыларға рухани бағыт-бағдар беріп, марафон барысындағы тапсырмалардың жүйелі әрі сапалы орындалуына жетекшілік етті. Кураторлардың жанашырлығы мен жауапкершілігі марафонның жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.

Сонымен қатар қорытынды кеш барысында ұстаздарымыз- Жанат Орынбасарқызы, Гүлнұр Әбжамиқызы тарапынан насихаттар айтылып, нәпсіні тізгіндеудің маңызы, сабыр мен шүкірдің адам өміріндегі орны, рухани тәртіптің берекесі кеңінен түсіндірілді. Айтылған насихаттар жиналған жамағаттың жүрегіне ой салып, марафонда алған рухани әсерді тереңдете түсті. Ережеп айында басталған марафон тапсырмалары күнделікті зікірлерімізге мән беру, құран оқу, нәпіл намаздар ( духа, тәубе, тәхәжуд намаздары) нәпіл ораза ұстау, садақа беру және күнделікті ұстаздар тарапынан қосымша тапсырмалар беріліп отырды. Әр жұма сайын қатысушыларға “жұма дәрістері” жүргізіліп отырды.Осы Марафон барысында ерекше белсенділік танытып, барлық талаптарды жауапкершілікпен орындаған, тұрақтылық пен табандылық көрсеткен қатысушылар арнайы іріктеліп, марапатталды.

Үздік топ, Үздік марафоншылар және “Үздік тәспі иесі”,

“Оразамен нәпсісін тізгіндеген жан”, “Ұйқыны емес, Алламен жүздесуді таңдаған жан”, “Тәубемен нұрланған жүрек”,

“Нәпіл намазбен Раббысына жақындаған жан” наминациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаздар көптеген кітаптар мен сый -сияпаттар табысталды.Және осы марафонның аясында жиналған 100мың теңге садақаны Нұр- Мубарак университетінің құрылысына қайырымдылық ретінде аударылды.

Алла Тағала жасаған әрбір ықыласты амалдарымызды қабыл етіп, осы марафоннан алған рухани әсерімізді өміріміздің әр сәтінде серік етуді нәсіп етсін!