Темірде Жарапазан жыры айтылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің бас имамы Ералин Зарлықтың ұйымдастыруымен аудандық Ардагерлер кеңесі ақсақалдары және жамағаттың қатысуымен жарапазан жыры айтылды.
Еске сала кетсек, Жарапазан жыры халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі. Халыққа ораза айының келгенін паш ету,елді жақсылыққа шақыру мақсатында жарыққа шыққан бұл ұлттық өнеріміз кейінгі уақытта ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қайта жаңғырды.
Ұлттық дәстүрімізді жас ұрпаққа жеткізу мақсатында осындай игі іске мешіт имамдары мен ақсақалдар үлес қосты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі