РАНТ мүшелеріне онлайн жиын өтті 1214

РАНТ мүшелеріне онлайн жиын өтті

17 қаңтар 2022 161 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық ақпарат-насихат тобы мүшелерімен онлайн кездесу өткізді. Оған Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінен РАНТ мүшелері Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизада мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы қатысты. 

Жиналыс барысында РАНТ жұмысының 2022 жылға жоспары талқыланды. Сонымен қатар елдегі төтенше жағдайға байланысты жамағатқа айтылатын насихат пен бейнедәрістер, уағыздардың, баспасөзге шығатын мақалалардың бағыт-бағдары айтылды.

«Еліміздегі төтенше жағдайға және эпидахуалдың қайта күшеюіне байланысты мешіттеріміз тағы да уақытша жабық тұр. Дегенмен уағыз-насихат жұмыстары тоқтамайды. Діни басқарма 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп атауына орай РАНТ мүшелері мен имамдарымыз ел бірлігі, діни сенімде бөлінбеу тақырыптарында жамағатқа ұтымды уағыз-насихат айтуы тиіс»,- деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Одан өзге РАНТ мүшелеріне арналған семинар-тренинг өткізу жоспарда бар екендігенеде тоқталды. Жиын қортындысында РАНТ мүшелері Бас мүфтиге уағыз-насихатқа қатысты ұсыныстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі