ИСЕСКО БАС ХАТШЫСЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ 5626

ИСЕСКО БАС ХАТШЫСЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

10 қаңтар 2025 2 Оқу 1 минут

Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (IСESCO) бас хатшысы Салим бен Мұхаммед Әбдел Малик Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Бас мүфти лауазымына қайта сайлануыңызға байланысты шын жүректен ізгі тілек пен құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің бұл лауазымдағы дін қызметін жалғастыруыңыз Қазақстандағы мұсылман қоғамы мен ғалымдарының үлкен сенімінің көрінісі және Ислам мен мұсылмандарға деген қызметіңіз бен кемеңгер көшбасшылық қасиеттің бағалануы деп санаймын. Алла Тағаладан жоғары қызметіңізге табыс пен сәттілік және берекесін тілеймін» делінген құттықтау хатта.