Есет Көтібарұлы ауылдық округінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді 2149

Есет Көтібарұлы ауылдық округінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

01 қазан 2022 101 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен қолған алынған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Шалқар ауданы, Есет Көтібарұлы ауылдық округінде облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-сапар барысында наиб имам ауылдық округтегі Байқадам ауылдық мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесті.

Кездесу барысында жат ағымның алдын-алу, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар Алмат Әли бала тәрбиесіне мән беру керектігі, одан өзге ауыл имамына қолдау көрсетуге шақырды.

Іс-сапар қортындысында «Байқадам» ауылдық мешітінде «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтты.

Айта кетсек, наиб имам 2 күндік іс-сапар барысында Шалқар ауданында 176 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі