Ерекше жандарға қуаныш сыйланды
Ақтөбе қаласы “Қабақ баба” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен ерекше жандарға қуаныш сыйланды. Атап айтқанда, 10 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп, тұрмысқа қажетті заттар сыйланды. Сондай-ақ, ерекше жандардың арнайы сабақ өтіп, қосымша үйірмелермен айналысатын кабинетті жөндеуден өткізуге қаржылай көмек беріп, қолдау білдірді. Осындай игі іске мұрындық болған мешіт ұжымына ата-аналар тарапынан алғыс білдіріліп, рахметтерін жеткізді.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасына атсалысқан барша демеуші азаматтарға Алла разы болсын деп , кәсіптеріне береке тілейміз!
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram