«МҮФТИЯТ ҮЗДІГІ – 2025»: «ҮЗДІК ДІНИ САЙТ» — NURGASYR.KZ
Елорда да ҚМДБ-ның қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі — 2025» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, «ҮЗДІК ДІНИ САЙТ» номинациясы бойынша NURGASYR.KZ сайтының Бас редакторы Ақтолқын Тажикованы марапаттады.
«Бүгінгі мерейтой – Діни басқарманың ғана емес, күллі мұсылман жамағатының ортақ қуанышы. Бұл – имандылықтың, ізгіліктің, ел бірлігінің мерекесі. Алла Тағала осы қара шаңырақтың іргесін берік, өрісін кең етсін! Барша дін қызметкерлеріне, осы жолда еңбек етіп жүрген әріптестерге Алла разы болсын! Бүгін «Мүфтият үздігі» атанып жатқан барша бауырларымды, әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Бұл – жылдар бойы жасаған жұмыстарыңыздың жемісі деп санаймын. Ең бастысы Алланың марапатына ие болуды жазғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!Алла Тағала Діни басқарманың қызметіне береке беріп, халқымыздың рухани дамуына мол игілік нәсіп етсін! Әумин!», - деді ҚМДБ Төрағасы.
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ресми www.nurgasry.kz сайты 2016 жылы ашылған. Тұрақты күнделікті оқырманы қалыптасқан. Бағыты: діни танымдық, ақпаратық. Сайтқа бір жыл ішінде 482 мақала, 2537 жаңалық, 361 сұрақ-жауап, 410 видео жарияланған. Сайтқа кірушілердің жылдық жиынтық көрсеткіші 856 200.
«САЛАТУН-НАРИЯ» ҚАНДАЙ ДҰҒА? https://nurgasyr.kz/c/zhanalyktar 28 маусым 2025 жарияланған. Қаралымы 103 015.
«Таң намазына ұйықтап қалу күнә ма?». https://nurgasyr.kz/p/ta-namazyna-jytap-alu-kn-ma 22 желтоқсан 2025 жылы жарияланған. 65607 қаралымы.
Одан өзге сайтта Жаңалықтар», «Мақалалар», «Сұрақ-жауап», «Видео», «Аудио», «Кітапхана», «Қазақстан қарилары», «Ғибратты оқиғалар», «Ақтөбе мешіттері», «Ақтөбе медресесі», «Жастар ісі» секторы», «Әйел-қыздар» секторы, «Құттықтаулар», «Қажылық», «Халал Даму», «Зекет» атты 16 бөлім бар.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай 35 номинациясы бойынша үздіктер:
«Үздік қала имамы» — Омаров Нұрсейіт Әбдімүтәліұлы. Павлодар облысы, «Екібастұз» қалалық мешітінің бас имамы;
«Үздік аудан имамы» — Ерімбет Еділбек Талқанбайұлы. Жетісу облысы, Көксу аудандық "Балпық би" мешітінің бас имамы;
«Үздік ауыл имамы» — Ахмет Берік Хамитұлы. Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Алтын дала ауылының молдасы;
«Үздік наиб имам» — Хұмар Қоныскерей. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бірінші наиб имамы;
«Үздік мешіт азаншысы» — Мейірбек Қуанғали Садықов. ШҚО Марқакөл мешітінің азаншысы;
«Үздік ардагер имам» —Рысбай Дайрабай Серікбайұлы. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы;
«Жыл уағызшысы» — Асга Юнус Қадырқұлұлы. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мешітінің имамы;
«Үздік оңалтушы» — Қабдысалым Рақымқазы. Астана қаласы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы;
«Үздік ұстаз» — Әкімов Ринат Нұрланұлы. БҚО, Орал қаласы, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің ұстазы;
«Үздік ұстаз» — Әбиева Еңлік Мұратқызы. «Түркістан-Ахмет Яссауи» орталық мешітінің ұстазы;
«Үздік ауыл мешіті» — Алматы облысы, Талғар ауданы, «Достық» ауылдық мешіті;
«Үздік аудан мешіті» — Жамбыл облысы, Қордай аудандық мешіті;
«Үздік қала мешіті» — Ақмола облысы, Етекбай молда мешіті;
«Үздік мешіт тазалықшысы» — Төлеуқызы Айжан. Абай облысы, Үржар аудандық мешітінің тазалықшысы;
«Үздік есепші» — Еңсепов Ахметжан. Атырау облысы өкілдігінің бас есепшісі;
«Үздік діни сайт» — Nurgasyr.kz сайты (Ақтөбе облыстық өкілдігі). Бас редакторы Тажикова Ақтолқын Орысбайқызы;
«Үздік әлеуметтік желідегі парақша» — @nur_mubarak.meshyty инстаграм парақшасы (Нұр-Мүбәрак мешіті, Алматы қаласы);
«Үздік пәтуа маманы» — Шұғай Юсүпбек. Қарағанды облысы;
«Үздік қажылық гиді» — Байменов Әбілқайыр Яковұлы. Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар мешітінің имамы;
«Үздік Нұр-Мүбәрак ұстазы» — Есімқұлов Ернар Нұрманбетұлы. «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы;
«Нұр-Мүбәрак үздік шәкірті» — Оспанов Айбар Жанкелдіұлы. «Исламтану» мамандығының 4-курс студенті;
«Үздік институт ұстазы» — Манабаев Бағдат Маханұлы. «Хусамуддин ас-Сығанақи ислам институты»;
«Үздік медресе ұстазы» — Сарекеев Өмірбек Қоғамбекұлы. Шымкент медресе-колледжі;
«Медресе үздік шәкірті» — Аюбай Нұрмұхаммед Көптілеуұлы. Астана медресе-колледжінің шәкірті;
«Үздік қарилар орталығы» —Алматы қаласы, «Көк Төбе» қарилар дайындау орталығы;
«Үздік қари ұстаз» — Камилжан қари Садықов. Шымкент қаласы;
«Үздік халал кәсіпорын» — «Сарыбас» шұжық өндірісі (Жамбыл облысы);
«Уақып үздігі» — Есенгелдиев Ералы. Шымкент қалалық өкілдігі;
«Үздік Qamqor Sharapat орталығы» — Оразов Ғиният Ғабдықадырұлы (Астана қаласы);
«Үздік зекет қызметкері» — Түсіпбеков Асылхан. Қарағанды облыстық өкілдігі;
«Үздік телевизиялық жоба» — «Имамның бір күні» бағдарламасы. Авторы: Меруерт Нұрқасым (Алматы қаласы)
«Үздік іс басқарушы» — Тұрлыбеков Әлімхан Нұрмаханұлы. Түркістан облысы;
«Үздік мүфтият қызметкері» — Нұрбек Әуесханұлы Есмағанбет. ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі;
«Төрт бағыт үздігі» — Алматы қалалық өкілдігі;
«Үздік өкілдік» — Астана қалалық өкілдігі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































