“ЕРЕКШЕ ЖАНДАР” қоғамдық бірлестігіне қайырымдылық көмек көрсетілді 6064

“ЕРЕКШЕ ЖАНДАР” қоғамдық бірлестігіне қайырымдылық көмек көрсетілді

12 наурыз 2026 39 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Рамазан сыйы” акциясы аясында “Қабақ баба” мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен “ЕРЕКШЕ ЖАНДАР” қоғамдық бірлестігіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Аталған игі шара барысында орталықтағы ерекше балаларға сый-сияпат жасап, оларға рухани қолдау көрсетілді. “Қабақ баба” мешітінің ұжымы бұл орталыққа екі жылдан бері тұрақты түрде қолдау білдіріп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Мұндай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға бағытталған. Рамазан айындағы сауапты істердің бірі – мұқтаждарға көмектесу екені белгілі. Сондықтан мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын жалғастыра бермек.