Имам қарияларды мерекемен құттықтады 2144

Имам қарияларды мерекемен құттықтады

01 қазан 2022 89 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы «Қабақ баба»  мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен мешіт ұжымы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай  жамағат арасындағы сыйлы, қадірлі қарияларды зиярат етті. 

Имам  арнайы мерекемен құттықтап барды. 

«Сіздердің әрбір сөздеріңіз жастарымызға өсиет. Өздеріңізден тәлім көрген жас буын ұлттық дүниетанымымызды бұзбай сақтайтынына сенім білдіреміз!» -деп ыстық лебізін білдіріп,  сый-сияпат табыс етті. Ал қариялар Бас имамға алғысын айтып, ақ батасын берді. 

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі